Өлеңдер ✍️

  03.10.2022
  100


Автор: Төреғали Тәшенов

ДАЛАНЫҢ ТЕНТЕК ҚҰЙЫНЫ

Бүгінде кетті-ау бұйырмай
Құйынға қарсы ұшатын күндер құйындай.
Уақыт солай қалады екен-ау жиылмай,
Құйынмен бірге жүретін едік құйын боп,
Қара сирақтар жиылып алып бірыңғай.
Сол күндер ерте қалды екен неге тыйылып,
Бәрінен маған қиыны,
Шақырсам болды, келетін еді жүгіріп
Даланың ерке құйыны.
Ауылдың үстін басатын борап жиылып,
Құйынмен бірге кетер ек үйге құйылып,
Қалатын сонда сыйынып қайран қарттарым,
Құйын-уақыт ұшырып бәрін кеткен бе?
Қағынған қулар құрт-майын қармап кеткенде,
Құйындай бізді үйіріп қуып тығатын,
Құйын боп біраз ұйытқып сонсоң тынатын...
Мезгілдің қалай өткені солай сезілмек,
Бір кезде маған тиісер еді-ау өзі іздеп,
Құйын-уақыт тұра ма кетпей байланып,
Басымнан қашан кепкімді кеткен ұшырып,
Өтетін болған алыстан енді айналып,
Бүгінде маған қарамай...
...Кетті ғой бәрі жоламай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу