Өлеңдер ✍️

  03.10.2022
  92


Автор: Төреғали Тәшенов

ҚАРАҒАЙДЫҢ ҰШАРБАСЫ

Шіркін-ай, деуші ем көрсем мен
Қарағайлардың ұшар бастарын теңселген,
Арман ғой шіркін, қарағайлармен өлшенген.
Қасқайып Күнге тік тұрып өлер иілмей,
Қарағайларды сағынып жүрмін сенсең мен!
Қай жаққа тартсын сапарларымның бір ұшы
Қарағайлардың ұшар басына байланған.
Шыға алмай жүрмін осынау енді байламнан.
Қарсы ақсам ылғи
қара жердің бір бұрышы
Қуана билеп, қарағайлармен қоса айналған.
Биіктік дейтін дерт болып маған жабысқан,
Жүре алмай жүрген кездерімде де күліп шын,
Жіберді демеп сұсымен жасқап алыстан
Қарағайлардың ұшар бастары үмітшіл.
Тұңғиықтарға сүйрелеп ылғи кешкілік,
Жаныма менің тереңдік дейтін дерт салған
Қара аспанға ылғи қарағай қақтым сес қылып
Ұшар бастарын өрт шалған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу