Өлеңдер ✍️

  03.10.2022
  102


Автор: Төреғали Тәшенов

Лебізі –

Лебізі –
Лебі есіп тұрған
Ғарыштық
Ғажайып демнің,
Құмарлық
Қасынан жүрмес
Тұмарлы
Тазалық көрдім.
Арқада
Бұрымы шалқып,
Алдында
Нұры жүр шарпып.
Жүргені –
Жүзгендей жүзім,
Қинайды
Құрығыр қалқып.
Жаралған
Жан-тәні гүл-гүл,
Айта алсам,
Арқалы жыр бұл.
Жасырған
Түбіне шырақ
Шашының әр талы бір-бір...
Сүйсем де
Сүйегім қанбас,
Өлтірді
Өткір жүзі алмас.
Қызға бітпейтін
Қаншырдай басын
Қаз мойыннан
Қағып алмасам болмас...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу