Өлеңдер ✍️

  03.10.2022
  116


Автор: Төреғали Тәшенов

Көрпе бұлтты Күн тілді.

Көрпе бұлтты Күн тілді.
Күліп түсті күй түрлі.
Күміс көзе шағылып,
Сынып түсті сиқырлы.
Түңлікті тұрып қыз түрді,
Нұр жамырап ұмтылды.
Ұрыншақ жел ұмсынды,
Қытықшыл қыз қымсынды...
Қажытып ой күнсіңді,
Буады бұлт тылсымды.
Төгіп саумал қуаныш,
Жыртық аспан сілкінді.
Жетім қырға нұр сіңді
Шолақ сай да құлшынды,
Жамау жерді құрақ бұлт
Қисық пішіп, жыр қылды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу