Өлеңдер ✍️

  02.10.2022
  103


Автор: Төреғали Тәшенов

УАҚЫТ ЖЕБЕСІ

Түн – қаққан қазықтай!
Қадап басқан қазымыр түн...
Санап басып біреу жүр...
Кеудемде құс қамалды,
Шап беріп ұстап алдым!
Тық-тық, тық – тағалы ат
Ойнайды «санамақ»,
Жаңылмай қайырып,
Жазады жаңалап.
Қыдырған біз өкше,
Қытықтар қыз өкше,
Қалмайды қырындап,
Ойнайды «тығылмақ».
Тұтқындай тұтылған шеңберге,
Жүйкемді жалықпай тергеуде,
Тынымсыз тұр ырғап – сұр ырғақ!
Аңдыған кезекті құрбанын,
Асыққан біреудің тынысын, ырғағын,
Кеудемді өшіге ақтарып,
Жаныма жүргенін сұқтана үңіліп
Сеземін, тіпті көремін.
Әр басқан қадамы
Естілер үкім боп,
Тұрғандай «бітір!» деп,
Айыр тіл сағат тұр
Жүректі шұқып жеп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу