Өлеңдер ✍️

  02.10.2022
  96


Автор: Мыңбай Рәш

Күшіктер

Лақтырылған көшеге
Титтей күшік
Шақ-шақ етіп шетінен
Қыңсылайды.
Үргісі кеп шәуілдеп
Тыншымайды.
Әлде аштықтан...
Етер ме жан тәсілім,
Енесі жоқ,
Шіңкілдеп жем сұрайды.
Асырар ем...
Әттең-ай,
Ауласы бар меншікті баспанам жоқ,
Ау, ағайын, абайсыз айта көрме,
Күшіктерді мен әсте тастамағам жоқ.
Өзімдағы секілді кәрі төбет
Қалталылар секілді
Баспанам жоқ,
Оны айтасыз...
Күнкөріс күнделікті...
Қалталылар секілді
Басы артық, қалтамда
Ақшам да жоқ.
Әне шәу-шәу...
Үш күшік қыңсылайды.
Дүниеге келгенге жазығы жоқ.
Сілем қатып, селтиіп қарап тұрмын,
Жөпелдемде тастайтын азығым жоқ.
Тағы шәу-шәу,
Үш күшік тыншымайды.
Тыпыр қағып шетінен қыңсылайды.
...Еске келді Хайуан екі аяқты
Нәрестесін тастаған күресінге
Тап осынау лақтырылған күшіктердей
Үнжұрғымды түсіріп
Тұр есімде.
Ау, ағайын, бұлардың кім иесі?
Айтшы кәні, жасырмай,
Білесің бе?...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу