Өлеңдер ✍️

  02.10.2022
  176


Автор: Мыңбай Рәш

Тұтбайдың немересі

Немересі болғасын
Бұл Қанатқа бәрі сын.
Орнымен жұмсайды
Атасының табысын.
Қартаңдықтың о бастан
Түсінеді ол мәнісін.
Зыр жүгіріп әкелер
Атасының дәрісін.
Ертелі-кеш жүргені
Шәй қойып, тамақ дайындап,
«Шаршадым» – деп бір де рет
Көрген емес уайымдап.
Үлгіреді берілген
Пысықтауды сабағын.
Немересі атаға
Түйген емес қабағын.
– Мен секілді бір күні
Сен де қария боларсың.
Сонда менің шөпшегім
Қолғабыс саған болар шын! –
Деп қояды Қанатқа –
Тоқсандағы Тұтекең, –
Атыңнан сенің айналдым,
Немере деген құт екен!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу