Өлеңдер ✍️

  02.10.2022
  99


Автор: Мыңбай Рәш

Сезіп пе екен?...

Күңгірттенген көңілім күресіндей,
Тәйке түскен кездері түгесілген.
Үміт өлген – үйрілген асық сынды –
Былқ ептейді бүк түскен бүгесінен.
Жүрегім – жұт, көзім – көр, мұз – қабағым,
Жанарыңды жалт еткен – қызғанамын.
Тағдыр мені лақтырды қара тастай,
Сыздауықтай тырсыйып сызданамын.
Бекер, Бекер! Өзіңмен кезікті екем,
Соны ойласам фәниден безіп кетем.
Татқандары тойғанмен бір болғандай,
Жүдеп жүрек сорларын сезіп пе екен?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу