Өлеңдер ✍️

  02.10.2022
  99


Автор: Мыңбай Рәш

Табылмай жүр...

Сөзі – терең,
Ойы – ерен
Теңдесі жоқ данышпан,
Көпке – бедел
Жаттап кенел,
Өлең сөзде арыстан –
Абайдан озған қайсың бар?
Шетіңнен Күн мен Айсыңдар...
Қазғаны – ақыл,
Жазғаны – нақыл,
Тәңірі тума ақынның,
Биікке сермер,
Жүректі тербер,
Тарихқа тастар батыл үн.
Фәниге келген талайлар,
Табылмай жүр тек Абайлар...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу