Өлеңдер ✍️

  02.10.2022
  154


Автор: Мыңбай Рәш

Сара сөз сыры

Самсаған орман – даланың көркі,
Аңсаған арман – адамның көркі,
Көсілген көше – даланың көркі,
Шешілген місе – сананың көркі.
Самалды кәусар-сайлардан алам.
Салиқалықты – самайдан алам.
Шапағат нұрын – маңайдан алам.
Сара сөз сырын – Абайдан алам!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу