Өлеңдер ✍️

  02.10.2022
  107


Автор: Мыңбай Рәш

Қосыла берсін басымыз...

Алатаудың жайлап екі жамбасын,
Екі ел болған ежелденгі қандасым,
Манас пенен Алпамысты ырлап бір,
Тас дәуірдің бір қашаған таңбасын,
Жетпіс мүшел құтты болсын мерекең,
Тасқындасын ырыс, бірлік берекең!
Тоқтағұл мен жаттап Абай, Жамбылды,
Сүйінбай мен Қатағаннан сән кірді,
Ыстықкөлде – Түгелбай мен Әуезов,
Алматыда – Аалы үні жаңғырды!
Қырғызшадан тәржімелеп Мұзағаң,
Қырғыз-қазақ құдаласып қыз алған.
Нағыз қырғыз болсадағы тумысы,
Қолтумасы – құндылардың құндысы –
Қазақ болып кеткен мәңгі, кім білмес,
Шашасына шаң жұқтырмас Шыңғысты?!
Жасырмастан достарға сыр ашарда,
Ол Мұхтарды – ұстазым дер қашаңда!
Тағдыр өзі қосып қойған шоң достар,
Тәуелсізбіз алдымызда оң жоспар.
Татулықпен толқындаған туымыз,
Таңдап алдық тарландарды жол бастар.
Нұрға толсын жетпіс мүшел жасыңыз,
Тойда түлеп қосыла берсін басымыз!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу