Өлеңдер ✍️

  02.10.2022
  97


Автор: Мыңбай Рәш

«Көкжайдақ»

Жасыл майса той тойлап,
Желк-желк етіп желде ойнап.
Көз жеткізсіз жарыса,
Жатыр екен «Көкжайдақ».
Көк теңіздей «Көкжайдақ».
Көз жауын-ап тұр жайнап.
Шүйгін шөбі, пай-пай-пай,
Ертегідей бір аймақ.
Бидайықты қуалап,
Жортып жүрген дуадақ.
Соғып салқын саумал жел,
Маң майсаны жұлмалап.
Қыстан қалған маялар,
Көрдің бе деп қаранар.
Шағаладай қыстаулар,
Құс қиқуға боянар.
Шалғайдан шыққан сылаңдап,
Каналдан сылқым су аунап.
Толқыны шөлп-шөлп өбісіп,
Тырналар ұшты «тр-рау» лап.
Беу-беу, кербез «Көжайдақ».
Қаз-үйрегің қимайды-ақ.
Біз тұмсықты құстар жүр,
Шүйгінің шарлап, шимайлап.
Тасөткелің қыл мойнақ,
Пай-пай, кербез «Көкжайдақ»,
Аунағым кеп төсіңде,
Кейде отырам мен ойлап.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу