Карл Краус

Карл Краус (нем. Karl Kraus) - австрия жазушысы, публицист, филолог. 1899-1936 жылдары Феккель атты журнал шығарып, сықақ памфлеттері арқылы буржуазиялық идеологияға, Веналық декаденттік ағымға күрес ашты. Ол әдебиет мәселелері туралы еңбектерімен бірге Австрия жайын халықтар жағдайымен салыстырған Қытай қамал қорғаны (1910) кітабын жазды. Краустың философиялық көзқарастары Адамзаттың ақырғы күндері драмасында айқын көрінді. Жеңілмейтіндер памфлетінде Вена жұмысшыларының еңбегі жайлы айтылған. оның Өлеңмен айтылған сөз атты 9 өлеңдер жинағы 1916-1930 жылдары жарық көрді.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: