👈 қаріп өлшемі 👉

Ғалым Жайлыбай

Ғалым Жайлыбай — 1958 жылы 9 ақпанда Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Жеңіс ауылында туған. Ұзақ жыл ауылда шопан, жылқышы болып жұмыс істеген. Аудандық, облыстық басылымдарда қызметте болған. 1993 жылы Қазақтың менеджмент, экономика және болжау институтын әлеуметтанушы мамандығы бойынша бітірген. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде, түрлі басылымдарда қызмет атқарған. «Жұлдыз» журналының поэзия бөлімінің меңгерушісі, «Қазақ әдебиеті» газеті Бас редакторының орынбасары, «Қазақ радиосының» Бас редакторы болып қызмет еткен.

«Жанымның жапырақтары» (1988), «Жүрегімнің жүлдызы» (1966), «Құс қанаты» (2001), «Қарашығымдағы қара өлең» (2006), «Ардакүрең» (2008) атты жыр кітаптарының, «Тағдырымның тамыры» (2008) әдеби мақалалар жинағының авторы. Өлеңдері орыс, украин, түрік, қырғыз, тағы басқа халықтар тілдеріне аударылған. Халық ақыны Жолдыкей Нүрмағанбетүлының артында қалған мол мүрасын жинап, алғы сөз жазып, жинақ етіп бастырған («Сұлу терек», 1996).Қытай Халық Республикасының Күйтің қаласынан шыққан қазақ ақындарының «Сүмбіле» атты жыр жинағына өлеңдері енген.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз:

Шығармашылығы мен еңбектері:


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы