Вергилий

Вергилий немесе Публий Вергилий Марон (лат. Publius Vergilius Maro – Ежелгі Римнің ұлы ақыны, б.з.б 70-19 жылдарда өмір сүрді. «Буколиктер», «Георгиктер», «Энеида» - шығармаларының авторы.

Антик дәуірінің жазушылары жөнінде, Гомер, Гесиодтарды айтпағанда, кейінгі Тацит, Лукрецийлар жөнінде бізге жеткен мәліметтер өте аз, көпшілігі аңыз түріндегі деректер. Солармен салыстырғанда «болашақтың ақыны» атанған Вергилий жөнінде біз көп білеміз деп айтуымызға болады. Римнің ұлы ақыны Вергилий туралы нақты деректер бізге антик биографтары мен комментаторлары арқылы келіп жетті. Нақтылай айтқанда, Вергилий Италияның солтүстігіндегі Мантуя қаласының жанындағы Анд атты шағын қалада 70 жылдың 15 қазанында туып, 19 жылдың 21 қыркүйегінде қайтыс болған.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз:

Шығармашылығы мен еңбектері: