Джон Леннон

Джон О́но Ле́ннон (ағылш. John Ono Lennon, азан шақырылған аты Джон Уи́нстон Ле́ннон ағылш. John Winston Lennon) — британдық рок-сазгер, әнші, композитор, суретші, жазушы (1940 ж. қарашаның 9, Ливерпуль, Ұлыбритания — 1980 ж. желтоқсанның 8, Нью-Йорк, АҚШ).

The Beatles тобының негізін қалаушы және мүшесі, 20 ғ. ең әйгілі сазгерлерінің бірі.

Музыкалық қарекетімен қатар Леннон саяси қайраткер болды. Өзінің көзқарастарын ол өз әндері мен бұқараның алдында жеткізіп жүрді. Атақты «Imagine» әнінде Леннонның әлемнің қалай құрылуы жөнінде ойлары байқалады. Леннон адамдардың арасындағы теңдікті, бостандықты, бейбітшілікті жырлады. Бұның бәрі оны хиппилердің кумирі болуымен қатар 1960—1970 жылдардағы ең белгілі қоғам қайраткерлері қатарына қосты.

2002 жылы БиБиСи медиакорпорациясы (ағылш. BBC) ең ұлыбритандықтар тізімін құрастыру мақсатында сұрау жүргізді. Джон Леннон бұл тізімде тоғызыншы орынды алды.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: