Нәбиден Әбуталиев

Нәбиден Әбуталиев — 1928 жыл 18 мамырда Атырау облысы, Новобогат ауданының (қазіргі Исатай ауданы) Молшағыл ауылында дүниеге келген. Қаламгер, журналист. 1945 жылы педагогика училищесін, 1952 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген соң, ұзақ жылдар "Социалистік Қазақстан" (қазіргі "Егемен Қазақстан") газетінде, "Парасат" журналында, Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде, "Жазушы" баспасының көркем аударма редакциясында қызмет істеген.

«Ақ Жайык» атты тұңғыш өлеңі 1943 ж. жарияланды. "Қайран Нарын", "Өттің дүние" атты екі повесть, "Наркескен" атты романы жарық көрген. "Өтті дүние" атты тарихи драмасы М. Әуезов театрында қойылған (1992). Ол Э. Хемингуэйдің "Климанджаро"-қарлы тау", "Мереке қызық мол жылдар" атты шығармаларын, орыс жазушысы С. Сартаковтың "Тау самалы" деген атпен бірнеше повестерін, манғол жазушысы Б. Чойндонның "Ұлы Гобиде" атты повесін, В. Пикульдің, Ә Бикчентаевтың әңгімелерін қазақ тіліне аударған. Көптеген медальдармен, "Баспасөз үздігі" білгісімен марапатталған.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: