Әбу Сәрсенбаев

Әбу Сәрсенбаев (15.10.1905, Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ботақан а. — 25.11. 1995, Алматы қ.) — ақын. ҚР-ның халық жазушысы (1996). Астрахандағы кеңес-партия (1929), Алматыдағы жоғары коммунистік ауыл шаруашылығы (1934) мектептерін бітірген. 1942-47 ж. Кеңес Армиясы қатарында болып, Ұлы Отан соғысына қатыскан. «Темір жолшы» газетінде (1934-36) редактор, Қазақтың мемлекеттік біріккен баспаларында (1936-42) директор, бөлім меңгерушісі, Қазақ мемлекеттік оқу- педагогикалық баспасының (1947—53) директоры, Жазушылар одағында кеңесші (1953—58) болды.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: