Jah Khalib

Jah Khalib (Джа Калиб, шын аты Бахтияр Мамедов; 29 қыркүйек 1993 жылы д.к.) — қазақстандық орыс тілді рэпер, әнші, битмейкер және продюсер.

Бақтияр Мамедов 29 қазан 1993 ж Алматыда дүниеге келді. Әкесі — әзірбайжандық, анасы — қазақ. Бала кезінен рэп-музыкамен айналысқан. Оқыған музыка мектебінде саксафон класында оқыған./Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында музыкатану және менеджмент факультетін аяқтаған болатын.

Битмейкер және саунд-продюсер ретінде көптеген қазақстандық рэперлармен, олардың арасында PR'OXY, Santos, Antrax, Hirosima және басқалармен жұмыс жасаған. Өзінің сахналық лақап аты -Jah Khalib өзінің соло өнерін көрсете бастағанда таңдады. Оның айтуынша Khalib — бұл ойдан шығарылған ат, Jah (Джа) — растафариандық Құдайдың аты. Танымалдығын әлеуметтік желілер арқылы қол жеткізді.Арасында оның алғашқы шығармаларының ең танымалы "Твои сонные глаза", "SnD", "Сжигая драма театры" және "Сен үшін". Jah Khalib көп ұзамай тек қана Қазақстанда ғемес, басқа да посткеңестік елдерде белгілі болды.

2016 жылы соло "Если че, я Баха" альбомын жариялады. 2017 жылдың көктемінде "Лейла" атты композициясына бейнеклип түсірген.

2015 және 2016 жылдары шоу-бизнес және спорт жұлдаздырының "Forbes Kazakhstan" журналының тізіміне кірген. 2017 жылдың маусым айында Муз-ТВ Жүлделер 2017-де "Жылдың жаңалығы" номинация жүлдегері болып танылған.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: