Грейс Хоппер

Грейс Хоппер (ағылш. Grace Hopper, 9 желтоқсан 1906 - 1 қаңтар 1992) – америкалық ғалым және АҚШ флотының коммодоры (кіші рангтағы контр-адмирал). Өз саласындағы алғашқы ашушылардың бірі бола отырып, ол Гарвард компьютері Марк I-ге арналған бағдарламаларды алғашқылардың бірі болып жазды. Ол компьютерлік бағдарламалау тіліне арналған алғашқы компиляторды жасады, машиналық тәуелсіз бағдарламалау тілдері тұжырымдамасын дамытты , осылайша алғашқы жоғары деңгейлі бағдарламалау тілдерінің бірі COBOL құрылды. Әскери-теңіз күштеріндегі көптеген жетістіктері мен жоғары дәрежесіне байланысты оны кейде "таңғажайып Грейс" деп атаған.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: