Павел Дуров

Павел Валерьевич Дуров (10 қазан 1984, Ленинградта туған) - орыс кәсіпкері, программист, миллиардер, "Вконтакте" әлеуметтік желісінің жасаушыларының бірі. 2001 жылы өте жақсы деген бағамен академиялық гимназиясын бітірді. 2006 жылы - Санкт-Петербургтың мемлекеттік университетін бітірді.

Павел Дуров 1984 жылы 10 қазанда Ленинградта туды. Қарапайым мектепте ұзақ оқымай Академиялық гимназияға түсті. Ол 11 жасында программалауды үйрене бастады. 2002 жылы Павел СПбГУ-дың Филологиялық факультетіне түсті. Студенттік өмірге белсене қатысқаны үшін ол Ресей Федерациясының стипендиясымен марапатталды. Ол информатикадан, лингвистика және дизайн олимпиадаларынан жеңген. Оқып журген кезінде де Павел Интернет-жобаларды жасаумен айналысқан. Мысалы Durov.com және spbgu.ru. Ол америкада Facebook сайтын көре сала, еліне келіп "ВКонтакте" интернет-жобасын ашты.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: