Қапан Сатыбалдин

Қапан Сатыбалдин (25.12.1917, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы "Бесоба" кеңшары — 10.01.1969, Алматы) — жазушы. ҚазҰПУ-ды бітірген (1939). Москва мемлекеттік кинематогрофы институтында оқыған (1940 - 1942). 1937 - 1959 жылдары "Егеменді Қазақстан", "Жас Алаш" газеттерінде әр түрлі қызмет істеген және "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы болған. "Қазақфильм" киностудиясында директордың орынбасары, "Жұлдыз" журналында бас редактордың орынбасары, Қазақстан жазушылар одағында хатшы қызметтерін атқарған. Сатыбалдинның алғашқы өлеңдер жинағы "Мен жырлаймын" (1938) деген атпен шықты. Сатыбалдин "Сілтенген семсер" (1943), "Аягөз ару" (1956), "Махаббат машақаты" (1961), "Ұзақ жол" (1969), т.б. драмалық шығармалардың авторы. "Ән шақырады" (1961), "Дина Нүрпейісова" көркем суретті және деректі фильмдердің сценарийін жазды. Сондай-ақ, орыс жазушылары И.А. Крылов, Н.А. Некрасов, Н.Асеев, В.Горбатов шығармаларын қазақ тіліне аударған.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз:

Шығармашылығы мен еңбектері: