Бақтыбай Жайлау

Бақтыбай Сәрсенбайұлы Жайлау (28.01.1988) – Жаңаөзен қаласы мектеп-лицейінің түлегі (2006). Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бакалавр (2010), магистр (2013) дәрежесінде бітірген.

Ол халықаралық «Каспий – достық теңізі» фестивалінің (2006), М.Мақатаев атындағы республикалық ақындар мүшәйраларының (Қарасаз-2006), (Астана-2007), Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық оқушылар (Талдықорған-2005) және студенттер (Павлодар-2007) олимпиадаларының жүлдегері. Пір Бекет Атаның 260 жылдығына арналған аймақтық ақындар мүшәйрасының жеңімпазы (Атырау-2010).

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі (2009). Еңбек жолын студент кезінде «Қазақстан» РТРК МОФ-да редактор-журналист қызметінен бастаған (2007-2010). Университет ректорының көмекшісі (2010-2011), Ш.Есенов атындағы КМТИУ оқу телестудиясының редактор-журналисі (2011-2013) қызметтерін атқарған.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: