Мақсат Мәлік

Мақсат Рамазанұлы Мәлік — 1984 жылы 10 желтоқсанда Ақтөбе облысы Шалқар ауданының Тұмалыкөл ауылында дүниеге келген. 2005 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Х Халықаралық «Шабыт» фестивалінің проза номинациясы бойынша Гран-При жүлдесін жеңіп алған. 31-арнада қызмет атқарады. Талантты прозашының шығармалары республикалық мерзімді баспасөз беттерінде жарияланып жүр. Қысқа да жинақы стилімен ерекшеленетін жазушы. Оның әңгімелерінің астарында терең ой жатады. Шығармалары: «Жұмбақ кітап» (проза) Алматы: Жалын баспасы, 2011. - 221 б. - (Жас толқын). «Ажалды қуған жігіт» (әңгіме) // Жас толқын. Жинақ. Проза. 1-кітап – Алматы, 2005. – 180-183 б. «Ұлы адам».
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: