Қайрат Құдайберген

Мен, Құдайберген Қайрат Құдайбергенұлы, 1983 жылғы 25 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келдім. Отбасым бар: екі бала тәрбиелеп отырмын. «Нұр Отан» партиясының атынан Алматы қалалық мәслихатының депутатымын.

Мен 2004 жылы Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар Академиясын «Юриспруденция» мамандығы бойынша үздік тәмамдадым. 2014 жылы MBA «KIMEP UNIVERSITY» (басқарушы құрамға арналған МВА) «Басшыларға арналған іскерлік әкімшілеу магистрі» мамандығы бойынша академиялық дәрежені алдым.

2004 жылы еңбек жолымды «DAMU» кәсіпкерлікті дамыту Қорынан бастадым. Бұдан соң ҚазҚСҒЗИ (ҚР Әділет министрлігінде) жетекші сарапшы, ҚР Қорғаныс Министрлігінің Әскери-техникалық мектебі директорының орынбасары қызметін атқардым. «Данабанк», «Казахалтын» және «HSBC Банк Казахстан» банктерінде әртүрлі лауазымды қызметтерді атқардым. ҚР Президентінің ротациялау шеңберінде («Жас мамандар аймақтарға») Шығыс Қазақстан Облыстық әкімшілігінде, Алматы қалалық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары, ҚР Президенті тарапынан Уәкілеттендірілген кәсіпкерлердің құқығын қорғау бойынша бақылау секторының меңгерушісі қызметін атқардым.2011 жылдан бастап 2014 жылға дейінгі аралықта «SC Story Contract» Corporation құрылыс корпорациясының бас директоры қызметін атқардым. Қазіргі уақытта - «Q3 Worldwide» (құрылыс, инновациялық технологиялар, басқару менеджменті және т.б.) инвестициялық холдингінің құрылтайшысы және бас директорымын.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: