Әскерхан Ақтай

Ақтай Әскерхан (1974 ж.) – ақын. 1974 жылы 22 қарашада Моңғолияның Баян - Өлгий аймағы Қызылқайың өлкесінде туған. 1983-1993 жылдары М. Зайсанов атындағы Қызылқайың орта мектебін бітірген. Қазақстан және Моңғолияның жоғарғы оқу орындарында білім алған.

Орта мектепте оқып жүргенде әдебиетке құштар болды. Оның туындылары «Егемен Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде, «Айтұмар», «Ақжүніс», «Дарабоз», «Иман», «Отыкен» журналдарында жарияланған. Сонымен қатар республикалық «БАҚ кз», «Абай кз», «Ұлт порталы», «Қамшы», «Күлтөбе» және басқада сайттарда жарық көріп, оқырмандардан лайықты бағасын алды.

Әскерхан Ақтай «Ер жеңісі - Ел жеңісі» республикалық жыр сайысының бас жүлдесін (2012, Астана), Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 155 жыл толуына арналған жыр сайысының жүлдесін (2013, Семей), Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қостанай облыстық «Марал Ишан» мешіті өткізген республикалық «Дінім-діңгегім» жыр мүшәйрасының бас жүлдесін (2014, Қостанай), Ер Жәнібектің туғанына 300 жыл толуына арналған халықаралық «Ел қорғаны - Ер Жәнібек» жыр бәйгесінің үшінші жүлдесін, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Қамшы» қоры ұйымдастырған республикалық шығармашылық бәйгесінің «Үздік поэзия» номинациясының 2-орынын (2015, Алматы), «Дарабоз» байқауының арнайы сыйлығын (2015, Алматы), Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған республикалық «Ұлытау ұлағаты - ұлт мұраты» бас жыр мүшәйрасының бас жүлдесін (2015, Астана), Зуқа батырдың туғанына 150 жылдығына арналған республикалық мүшәйра жүлдесін (2016, Астана), Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Өскемен өкілдігі жариялаған «Бағытым - Ислам, Бақытым - Тәуелсіздік» жыр бәйгесінің (Өскемен, 2016) бас жүлдесін жеңіп алған.

«Зүбаржаттың жарқылы» жыр жинағы (2016), «Отың өшпесін», «Жылқышы бидің аманаты» драмаларының авторы.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: