Дмитрий Баландин

Дмитрий Игоревич Баландин (1995 жылдың 4 сәуірінде Алматы қ. туған) — қазақстандық жүзуші, 200 метрлік брасс бойынша олимпиада чемпионы, 2014 жылғы Азия ойындарының үш дүркін чемпионы. 50, 100 және 200 метр бойынша Қазақстан рекордсмені. Жүзу бойынша Қазақстан тарихындағы тұңғыш [1] олимпиада чемпионы.

2015 жылы Кванджуда (Корея) өткен жазғы Универсиада ойындарында дистанциясы 100 метр браспен алтын, ал дистанциясы 50 метр браспен қола медальдарға ие болған.

2016 жылдың 5 — 21 тамыз күндері аралығанда Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен XXXI Олимпиада ойындарында 200 метр браспен, Қазақстанға жүзуден тұңғыш алтын медальға қол жеткізген қазақ спортшысы.

2016 жылы Рио-де-Жанейро Олимпиадасында жеңіске жеткені үшін, Дмитрий Баландин елбасымыздан II дәрежелі Барыс орденына, Казақстан Республикасының үкіметінен чемпион марапатты 250 000 АҚШ доллар өлшемінде, Алматы қаласының акімі Бауыржан Байбектен үш пәтерлі үй мен Toyota Land Cruiser 200 көлігіне ие болды, ал ҚР ішка істер министрі Қалмуханбет Қасымов Дмитрийді басқа жеңімпаздар сияқты «Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін» ведомстволық медальмен марапаталды.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: