Джордж Вашингтон

Джордж Уошингтон (ағылш. George Washington; 22 ақпан 1732, Бриджс-Крик, Виргиния — 14 желтоқсан 1799, Маунт-Вернон, Виргиния) - АҚШ-тың тұңғыш президенті (1789-1797). Америка Революциялық Соғысында Континентальді Армияның Ұлыбританияны жеңуіне жетекшілік еткен. Құрама Штаттардың негізін қалаушы әкелердің бірі. Уошингтон 1788 ж. бірауыздан АҚШ президенті болып сайланды. Президент қызметін екі мерзім атқарды.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: