Флойд Мейвезер

Кіші Флойд Мeйуезер (ағылш. Floyd Mayweather Jr.; немесе Флойд Синклер, (ағылш. Floyd Sinclair) 24 ақпан 1977 жыл, Грандс Рапидс, Мичиган, АҚШ) — Ринг журналының тұжырымы бойынша 2005, 2006, 2007, 2012, 2013 және 2014 жылдардағы салмақ дәрежесіне қарамастан үздік боксшы. Бапкері — Роджер Мэйуэзер. Қазіргі уақыттағы салмақ дәрежесіне қарамастан ең үздік боксшы.

2015 жылы Мэйуэзер Spike теледидар Best Ever сыйлығымен марапатталды.

Мэйуэзер WBC, WBA[5], және Ринг журналының тұжырымы бойынша жартылай орта салмағындағы чемпионы, және WBC Super, WBA және Ринг журналының тұжырымы бойынша кіші топтағы орта салмағындағы чемпионы болып табылады. Ол сондай-ақ pound for pound, Sports Illustrated, ESPN, BoxRec, Fox спорт, және Yahoo! спорт, сонымен қатар көптеген спорттық баспалар мен бокс сайттардың, әлемдегі ең үздік фунт үшін фунт боксшы ретінде бағаланады. Мэйуэзер әлемдегі ең жоғары бағаланатын спортшы ретінде 2014 жылы, сонымен қатар 2012 және 2013 жылдың 50 ең жоғары төленетін спортшылар, және Forbes тізімін және Sports Illustrated тізімдерін басқарды.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: