Қанат Ислам

Қанат Исламұлы (13 қыркүйек 1984 жыл, Шыңжаң, Қытай) — қазақ кәсіпқой боксшысы, WBA FedeCaribe тұжырымының чемпионы. Яғни, Қанат Ислам орташа жеңіл салмақ бойынша Кариб аймағының үздігі. Әуесқой боксшы ретінде Қытай Халық Республикасы Ұлттық құрама командасының құрамында Пекин Олимпиадасының қола жүлдегері, Чикагода өткен Әлем чемпионатының (2007) және Азия ойындарының (2006) қола жүлдегері. Қытайдың 10 дүркін чемпионы. Ұлты - қазақ. 2010 жылы азаматтығын ауыстырып, атамекені Қазақстанға көшіп келіп "Астана Арландары" кәсіби клубының мүшесі болып 2012 жылға дейін өнер көрсеткен. Қазір кәсіпқой боксшы, Нельсон промоутерлік клуб атынан шығып 12 жекпе жек өткізіп онын нокаутпен жеңіске жеткен. Лақап аты - Қазақ.

Үрімші қаласындағы Педагогикалық университетті 2009 жылы тәмамдады. Спортты басқару және зерттеу маманы.

Қанаттың Лондон олимпиадасына қатысуына Қытай тарапы қарсылық көрсетті. АИБА бұл мәселені қарастырып, Қанатқа Қазақстан атынан сайысқа түсуге рұқсат берді. Алайда Қанат ұлттық құрама команданың бапкерлерінің тарапынан қолдау таппады. Лондон Олимпиадасына қатыса алмады. Өзінің бокстағы өмірін кәсіби бокспен байланыстыруда. АҚШ промоутерлерінен де бірнеше шақырту алғандығын хабарлады.

Қанаттың атамекенге оралуына Қазақстан құрама командасының бұрынғы Бас бапкері Тұрсынғали Еділов және Алматы облысының әуесқой бокс федерациясының президенті Бауыржан Оспанов себепші болған.

Қазіргі таңда: WBA БОЙЫНША 1- ОРЫН, IBF БОЙЫНША 3- ОРЫН, WBO БОЙЫНША 2- ОРЫН, Ал жалпы есеп BoxRec рейтнигы бойынша 35 орында тұрақтаған.
Автор ұнаса, бөлісіңіз:

Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз.
Жақсы