Роллан Сейсенбаев

Роллан Сейсенбаев 1946 жылы Семейде туған. 1970 жылы Семей инженер-технологиялық институтын бітірген. Облыстық комсомол комитетінде істеген. Кейін М.Горький атындағы Әдебиет институты жанындағы КСРО Жазушылар одағы басқармасының қазақ әдебиеті жөніндегі кеңесінің жауапты хатшысы болған.

Алғашқы повесі 1975 жылы жарық көрді. «Өзімді іздеп жүрмін» пьесасы 1975 жылы жас драматургтердің бүкілодақтық конкурсында жүлдеге ие болды. Пьесалары республикалық театр сахналарында қойылған.

Абайдың қара сөздерін орыс тіліне аударуға ат салысты.

Қазақстан комсомолы сыйлығының (1980), ВЦСПС пен КСРО Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты. «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз:

Шығармашылығы мен еңбектері: