Қажытай Ілиясұлы

Қажытай Ілиясұлы (1939 жылы туған, Тарбағатай. Дөрбілжін ауданы) — ақын, сатирик. ҚХР-дың Шыңжаң Тіл институтын бітірген. "Шыңжан" газеті редакциясында аудармашы, сол газеттің Іле, Тарбағатай аймағындағы меншікті тілшісі болып кызмет істеген. Қазақстанға 1962 жылы қоныс аударған. ҚазҰУ-ды бітірген (1969). "Ара" - "Шмель" журналында, "Лениншіл жас" газетінде фельетонист, бөлім бастығы, қазақ теледидарында аға редактор, Қазақстан Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің бас редакциясында, "Жазушы" баспасында редактор, "Азамат", "Астана", "Астана дауысы" - Голос Астаны" газеттерінде бас редактор қызметін атқарған. Қазір Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер. "Дастарқан" атты алғашқы өлеңі "Шыңжан" газетінде 1959 жылы жарияланған. Лирикалық, сатиралық өлеңдері республикалық баспасөз беттерінде 1965 жылдан жарияланып келеді. 2001 жылдан халықаралық "Сорос - Қазақстан" қорының жыр мүшәйрасының жүлдегері. 21 ән мен 3 күйдің авторы. Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты (2003).
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз:

Шығармашылығы мен еңбектері: