Мұхтар Шерім

Мұхтар Шерім 1957 жылы 12 желтоқсанда Түлкібас ауданындағы "Көксу" ауылында туған. Мектептен кейін, 1975 жылы Казақ Мемлекеттік университетіне түсіп, оның журналистика факультетін бітірді. Бәйдібек ауданында «Алғабас» газетінде корректор болып жұмыс істеді. 1983 жылдан 1990 жылға дейін "Оңтүстік Қазақстан" газетінде қызмет жасады. Газеттің сын-сықақ бөлімін басқарды. “Ара-Шмель” журналының Оңтүстiк Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыстары бойынша меншiктi тiлшiсi болды. 1991 жылы "Жұдырық" атты әзіл-сықақ газетінің, республикалық “Барыс” газетiнің бас редакторы болды. Одан бұрын, 1986 жылы облыста "Күлкі жәрмеңкесі" ойын-сауық отауын ашты. Сықақшының көптеген шығармалары республикалык "Тамаша" ойын-сауық отауының, «Шаншар», «Күлкі керуені» театрларының тұрақты репертуарына айналды.
Студенттiк жылдары “Жiбек желi” авторлар жинағында бiрнеше әзiлдерi жарық көрдi. Жазушының "Қисық шеге", "Күлеміз бе, қайтеміз?", "Құдағи қүшақтай береді", "Бюрократпен қоштасу" деген кітаптары бар. Елу жасында “Ымбаппа”, “Быт-шытыңды шығарамын”, “Талтайып тұрғым келедi!”, “Кешiрiңiз, сiз есек емессiз…” атпен төрт томдық сатиралық кiтаптары жарық көрдi.
1989 жылы "Қазақ әдебиеті" газетінің лауреаты атанды. Конституциямыздың 10 жылдығы медалiмен наградталған. ОҚО әкімінің 2009 жылғы үздік жазушысы марапатына ие.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз:

Шығармашылығы мен еңбектері: