Магнус Карлсен

Магнус Карлсен - (норв. Sven Magnus Øen Carlsen; 1990 жылдың 30 қарашасы, Тенсберг, губерния Вестфолл, Норвегия)-норвегиялық шахматшы, 16—шы — қазіргі шахмат бойынша әлем чемпионы (2013). 2013 жылдан бастап классикалық шахматтан әлем чемпионы, 2014 жылдан 2016 жылға дейін рапид бойынша әлем чемпионы және 2014-2015, 2017-2018 жылдары блиц бойынша әлем чемпионы. Әлемнің ең жас гроссмейстерлерінің бірі - 2004 жылдың 26 сәуірінде (13 жас 4 ай 27 күн) гроссмейстер лауазымына ие болды (сол кезде ол әлемдегі ең жас гроссмейстерлер тізімінде екінші болды).

2006 жылы Норвегия чемпионы атанды. Бірнеше ірі турнирлердің жеңімпазы және жүлдегері болды. 2009 жылғы блиц бойынша әлем чемпионы. 2007 және 2011 жылғы Әлемдік шахмат біріншілігіне үміткерлердің бірі, 2013 жылғы үміткерлер турнирінің жеңімпазы. 4 шахмат Оскарының иегері - (2009, 2010, 2011 және 2012 жылдары) бұл олжаны қатарынан төрт немесе одан да көп рет жеңіп алған үшінші шахматшы (Карпов пен Каспаровтан кейін).

2013 жылы Time журналы Магнусты "Титандар" санатында "әлемдегі ең ықпалды 100 адам" тізіміне қосты.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз:

Шығармашылығы мен еңбектері: