👈 қаріп өлшемі 👉

Алмас Темірбай

Ақын Алмас ТЕМІРБАЙ бұрынғы Көкшетау облысы, Көкшетау ауданы, Ортақ ауылында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетінің журналистика факультетінде және Көкшетау мемлекеттік университетінің саясаттану факультетінде білім алған. «Аллажар», «Жұмақ жұрт», «Автопортрет», «Мың бір мұң» атты өлең кітаптарының авторы. Белгілі әдебиетші-ғалым Нұртас Ахатұлының А.Темірбай шығармашылығы туралы жазған «Алаштың Алмас ақыны» атты монографиясы жеке кітап болып 2008 жылы жарық көрген.
Отыз шақты облыстық, республикалық жыр-мүшәйраларының жеңімпазы, жүлдегері.
Халықаралық «Шабыт» фестивалінің екі мәрте лауреаты және Гран-При жүлдесінің иегері.
Халықаралық «Түрік поэзиясы» фестивалінің лауреаты.
Қазақстан Жастар одағының «Серпер» сыйлығының лауреаты.
«ҚР Тұңғыш Президенті» сыйлығының лауреаты,
ҚР Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.
Қазақстан Жазушылар одағының және Журналистер одағының мүшесі.
Екі мәрте ҚР Президенті стипендиясының иегері.
Ақын өлеңіне жазылған әндер бүгінде әр түрлі Қазақстан эстрада жұлдыздарының орындауында айтылып жүр.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз:

Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы