Бегалиев Нармахан

Нармахан Бегалыұлы 1943 жылы 3 қыркүйекте Ордабасы ауданында Темірланның маңындағы « Қажымұқан» ( бұрынғы « Ленин туы» ) ауылында туған. 1961 жылы Амангелді атындағы орта мектепті бітірген соң, 1962 жылы Шымкент педагогикалық институтына оқуға түседі. 1966 жылы Бөген аудандық радио хабарларын тарату жөнінде ұйымдастырушы қызметінде еңбек жолын бастайды. 1967 жылдан бүгінге дейін Ордабасы аудандық газетінде істеп келеді. Әуелі бұрынғы « Коммунизм таңы» газеті редакторының орынбасары болып қызмет еткен ол 1974 жылдын бері осы аудандық « Ордабасы оттары» газетінің редакторы.
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Нармахан Бегалыұлы Рабиндранат Тагордың, Надежда Кондакованың. Петрусь Бровканың , Леча Абдуллаевтың шығармаларын, Әбдірахман Жәмидің « Бахористан» атты шығармасын қазақшаға аударды. Жазушылар одағы, « Жалын» баспасы ұйымдастырған әдеби конкурстардың жүлдегері. Оңтүстік өлкесінде дәстүрлі өтіп тұратын Мүшәйрә жыр додасында 1994 жылы- бірінші жүлделі орынды жеңіп алған.
Баталист және маринист жазушылардың халықаралық ассоциациясының К. Симонов атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты, алтын медальінің иегері
Ақынның « Шаттық күйі» (1974 ) , « Жиде жұпар шашқанда», (1978) « Жотадағы жол» (1981), « Ботакөз бұлақ» атты кітаптары бар. Шығармалар жинағы І , ІІ том.( 2004) . Кезінде аудандық, облыстық Кеңестің депутаты болған Нармахан Бегалыұлы қазір Темірланда тұрады.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз:

Шығармашылығы мен еңбектері: