Гүлдәрия Әшірбаева

Әшірбаева Гүлдәрия Амангелдіқызы − Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Темірлан елді-мекенінде 1974 жылғы, желтоқсанның 18-і күні дүниеге келген. 1997 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетін журналистика мамандығы бойынша, 2002 жылы Алматы үздіксіз білім беру университетін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.
Алғашқы еңбек жолын 1991 жылы Қарасай батыр атындағы мектепте ұстаздықтан бастаған. Сайрам аудандық «Мәртөбе» үнқағазында тілші, бөлім меңгерушісі; аудандық оқушылар үйінде үйірме жетекшісі және «Атамекен» бағдарламасы бойынша методист болып жемісті еңбек етті. 1997 жылдан бастап, күні бүгінге дейін, №12 Т.Рүстемов атындағы гимназия мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі міндетін атқарып келеді.
Қиындығы мен қызығы қатар жүретін ұстаздық жолда еңбектері еленіп, аудан, облыс әкімдерінің алғыс хатына; аудандық, облыстық білім бөлімдерінің марапаттарына ие болған. «Білім беру ісінің үздігі». Озық педагогикалық іс-тәжірибесі аудандық, облыстық және республикалық басылымдарда жиі жарияланып жүр.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: