Роза Сейілхан

Роза Сейілхан 1972 жылы 25 cәуірде Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Жамбыл ауылында дүниеге келген.

2000 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тамамдаған. 1996–1998 жж. республикалық «Zaman –Қазақстан» газетінде, 2001–2002 жж. М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында, 2002–2003 жж. республикалық апталық «Ана тілі» газетінде, қоғамдық-саяси «Алматы ақшамы» газетінде жұмыс істеген. Қазір «Қазақ әдебиеті» газетінде тілші.

Өлеңдері 1990 жылдан бастап «Қазақ әдебиеті», «Жас Алаш», «Алматы ақшамы», облыстық «Жетісу» газеттерінде, «Парасат», «Жұлдыз» журналдарында жарияланып тұрады.

2001 жылы «Отырар кітапханасы» сериясымен «Мендегі бір әлем» атты тұңғыш жыр жинағы жарыққа шықты.

Республикалық жыр мүшәйраларының жүлдегері және 2003 жылы Астана қаласында өткен Халықаралық «Шабыт» жастар фестивалінің лауреаты.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз:

Шығармашылығы мен еңбектері: