Талап Сұлтанбеков

Талап Сұлтанбеков — 1930 жылы Алматы облысының Ақсу ауданында мұғалімдер отбасында дүниеге келген қазақтың жазушысы. Алғашқы шығармаларын спорт тақырыбына арнаған. Талап Сұлтанбеков - тұңғыш рет қазақ тілінде "Дойбы деген не?", "Дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ" атты көмекші кітап жазған спортшы, қазақ әдебиетінің тарихында ғылыми фантастика жанрына тұңғыш қалам тартқан жазушы. Ғылыми қиял (фантастика) жанрына қалам тартып жүрген жазушы шығармаларының тақырыбы сан алуан. Жасөспірімдерге арналған "Көшпелі алтын", "Жүрек тулайды", "Жұлдыз ат", Лұқпан Хакім", "Тізгін", "Темір еліне саяхат" әңгімелері оқушыны қиялға, арманға жетелейді. Ол өз оқырманын ғылымның табиғи сырына үңілуге, адам миы арқылы оның құдірет күшін танып білуге, тіпті оны тізгіндеп бағындыруға да болатынын айғақтайды.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: