👈 қаріп өлшемі 👉

Джон Голсуорси

Джон Голсуорси (ағылш. John Galsworthy ([ˈɡɔːlzwɜrði]; 14 тамыз 1867, Кингстон-апон-Темс, Суррей — 31 қаңтар 1933, Лондон) — ағылшын прозашы және драматург, «Форсайт туралы Сага» танымал циклының авторы, әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты (1932).

Джон Голсуорси 14 тамыз 1867 жылы Кингстон-апон-Темс қаласы (Суррей графтығы, қазір Үлкен Лондон құрамына кіреді), ауқатты отбасында дүниеге келген. Харроу элиталық мектебінде адвокаттықты, содан кейін Оксфорд университетінде оқыды. Голсуори бұл кәсіп өзінікі еместігін сезіп, заңгер мамандығын бастау үшін шетелге сапарға шығып кетіп, ол жерде теңіз тасымалдау отбасы бизнесіне көмектеседі.

Өзінің саяхаты кезінде, Австралиядағы рейсінде оның жақын досы болып кеткен әрі сол кездегі капитанның бірінші көмекшісі Джозеф Конрадамен кездеседі. Дәл сол кезде Голсуорси Конрадқа саяхат туралы өзінің әңгімелерін жариялауды, өзінің екінші әдебиет мансабының бастамашысы болғанын сендіреді.

1905 жылы Голсуорси Аде Пирсонмен (1864—1956) үйленген.

В 1921 жылы Кэтрин Эми Доусон-Скоттпен бірлесе отырып, ПЕН-клубты құрып және оның бірінші басшысы болады. 1929 жылы әдебиетке сіңірген еңбегі үшін Құрмет Орденіне мүше болады. 1932 жылдың қарашасында әдебиет саласы бойынша Голсуорсиге Нобель сыйлығы лайық деп танылды. Ол сол уақытта ми ісігінің нәтижесінде басы қатты ауырып қалады. Әріптес ағылшындық жазушылары оны тек сырттай құттықтады.

Голсуорси 1933 жылдың 31 қаңтарында Лондонда дүниеден озды.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз:

Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы