Бертран Рассел

Бертран Рассел — (18.5.1872, Треллек Уэльс - 2.2.1970, Пенриндайдрайт, Уэльс) — ағылшынның көрнекті философы, логигі, қоғам қайраткері.

Расселдің матем. логика мен қатынастар логикасы жөніндегі еңбектері логик. ғылымға енген зор үлес болды. Р. қазіргі заманғы логик. символиканың тілін жасауда қыруар еңбек сіңірді, пікірді есептеу теориясы мен кластар теориясын бір ізге келтіріп, баянды етті. Ол А.Уайтхедпен бірге үш томдық үлкен еңбек жазып, матем. логиканы пікірлерді есептеу және предикаттарды есептеу аксиоматикалау және формалдау тәсілімен дамытады. Р. жаратылыстанудың филос. мәселелері жайында көптеген еңбектер жазды. Ол философия өзінің зерттейтін мәселелерін жаратылыстанудан табады, философияның міндеті — жаратылыстанудың принциптері мен ұғымдарын талдап түсіндіру деп санады. Р. ағылшын неореализмі мен неопозитивизмінің негізін салушы. Ол “Герман социал-демократиясы” кітабында марксизмді ғылым емес, дін деп айыптап, саяси идеалдар жеке адам мүддесі тұрғысынан шешілуге тиіс деп санады. Саясат адамға қызмет жасауға тиісті. Саяси және әлеум. ин-ттар адамдардың игілігіне қызмет жасауымен ғана бағалы деп білді. Р-дің пікірінше, адам сезімдік мәліметтермен айналысады. Адамның сезетіні — “факт” немесе “фактілер” агрегаты. Фактіні ол физик. та, психик. та емес, бейтарап деп санады. Таным теориясында Р. материалистік бейнелеу теориясын мойындамай, оның орнына скептицизм философиясын ұсынды. Р. — бейбітшілікті сақтау жөніндегі Нобель сыйл-ның лауреаты. Соғысқа қарсы болып, адамгершілік пен гуманизмді насихаттауға қызмет етті.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: