Қанипа Бұғыбаева

Қанипа Бұғыбаева (1942–2004) - 19 наурызда Алматы облысы, Жансүгіров ауданы, «Ақсу» өзенінің бойындағы «Ақын Сара» (бұрынғы Көкжайдақ) ауылында өмірге келген. Алғашқы өлеңдері 1959 жылдан «Жетісу», «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш»), «Қазақ әдебиеті» газеттері мен «Қазақстан әйелдері» журналында жариялана бастады.

Еңбек жолын 1960 жылы өзінің туған ауылы – сол кездегі «Қосағаш» совхозы мәдениет үйінің меңгерушісі болып бастап, ауылдық радио хабарын тарату торабында, Райымбек ауданының халық театрында, Жамбыл аудандық мәдениет бөлімінде қызмет істеді. Аудандық «Екпінді еңбек» газетінде тілші, кейінгі жылдары зейнеткерлікке шыққанша Жамбыл аудандық орталық балалар кітапханасында кітапханашы болып қызмет атқарды.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз:

Шығармашылығы мен еңбектері: