Мешітбай Құттықов

Мешітбай Құттықов - (1934-2001)15 мамырда Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бозкөл ауылында туған. 1955 жылы Қызылорда қаласындағы Н. В.Гоголь атындағы педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітірген. 1958 жылы әскер қатарынан оралған бойда ішкі істер саласына жұмысқа орналасып, ұзақ жылдар Қазалы, Арал аудандық Мемлекеттік авто-инспекциясының бастығы қызметтерін атқарған. 1987 жылы милиция майоры дәрежесінде зейнетке шыққан соң «Қазақ тілі» қоғамының Арал аудандық бөлімшесі төрағасының орынбасары болып жұмыс жасады.

Тұңғыш өлеңдері 1948 жылы баспасөз бетінде жариялана бастаған. 1978 жылы Жазушылар одағының мүшелігіне қабылданған. «Құс жолы», «Ар-намыс», Мазасыз түндер», «Сонар» жыр кітаптары мен «Аяқталмаған ән» атты повестер, әңгімелер жинағы шыққан. «Айқас» атты поэмасы 1971 жылы республикалық әдеби шығармаларға жарияланған конкурста бірінші жүлде алды.КСРО медальдарымен марапатталған.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: