Боб Дилан

Боб Дилан (ағылш. Bob Dylan, туған кездегі Роберт Аллен Циммерман, ағылш. Robert Allen Zimmerman; 24 мамыр 1941, Дулут, Миннесота) — америкалық автор–орындаушы, ақын, суретші, киноактер. Елу жыл бойына рок–музыка әлемінде алып тұлғалардың бірі болған. «Blowin' in the Wind» және «The Times They Are a-Changin'» сияқты туындылары азаматтық құқық алу бағытында болған және АҚШ–тың соғысқа қарсы қозғалыстарының әнұранына айналған. Rolling Stone журналының жүргізген сауалнамасының нәтижелеріне сүйенетін болсақ, Боб Дилан The Beatles–тан кейінгі рок–музыка тарихындағы ең маңызды тұлға болып есептеледі.

2016 жылы Әдебиет аталымы бойынша Нобель сыйлығының иегері болып табылды.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: