Николай Пирогов

Пирогов Николай Иванович (1810-1881) - ұлы орыс хирургы, ірі ғалым, соғыс-өріс хирургиясының негізін қалаушы, көрнекті қоғам қайраткері және педагогы.

Негізгі педагогикалық жұмыстар: «Балаларды ұруға бола ма және басқа балалардың көзінше ұруға бола ма», «Киев оқу округы гимназиясының оқушыларының теріс қылықтары және оларды жазалау туралы негізгі бастау ережелері» жзне т.б. Өзінің «Өмір мәселелері» атты мақаласы арқылы XIX ғасыр 60-жылдардағы қоғамдық-педагогикалық қозғалыстың басын қалады. Балалардың өнегелі тәрбиесін тежеген, олардың ой-өрістерін тарылтатын білім берудегі және ерте утилитарлық - кәсіпшілік әдеттегі сословиелік шектеулерге қарсы шықты. Тәрбиелеудің жалпы адамдық сипатын, кең ғылыми танымдары, жоғары өнегелі сенімдері, ерікті және қатты еркі бар «нағыз адамды» даярлауға міндетті мектеп идеясын жақтады. Ана тіліндегі тәрбие және білім беру үшін болды. Бірегей мектеп ұстанымы бойынша құрылған білім берудің мектептік сөзсіз жүйесінің жобасын ұсынды. Ересектерге арналғын жексенбілік мектептердің ашылуына септігін тигізді. Оқу округтарының қамқоршысы ретінде Пирогов гимназиялардың педагогикалық кеңестері жұмысына елеулі жақсартулар енгізді, мұғалімдердің методикалық ізденулерін көтермеледі, өзара сабаққа қатысуды ұсынды. Жоғары мектеп автономиясы үшін күресті. Дене жазалауларын қолдану туралы мәселесінде бірізді болған жоқ.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: