Уильям Гарвей

Гарвей (Harvey) Уильям (1578-1657 ж.ж.) — қазіргі кездегі физиология мен эмбриология ғылымдарының негізін қалаған ағылшын дәрігері.

Гарвей 1628 жылы жарық көрген "Жануарлар жүрегі мен қанның қозғалысы туралы анатомиялық зерттеу" атты еңбегінде жануарлар организмі қанайналымы жүйесінде үлкен қанайналым шеңберінің болатындығын тәжірибе жүзінде дәлелдеп, ірі қан тамырлары — артериялар мен веналардың арасында, оларды өзара байланыстыратын тым жіңішке қан тамырларының болатындығы туралы болжам айтып, қанайналым ілімі туралы дұрыс ғылыми тұжырым жасаған.

У. Гарвей 1651 жылы шыққан "Жануарлардың пайда болуы" деген еңбегінде "Omne vivum ex ovo", яғни "Барлық тіршілік тек жұмыртқадан" деген өз тұжырымын айтып, морфологияның эмбриология саласының қалыптасуына атсалысты.

1633 жылы У. Гарвей жануарлар эмбриологиясы жөніндегі ауқымды еңбегін жарыққа шығарды. Аталған ғылыми көзқарастары үшін У. Гарвей Галеннің кезінен бері қалыптасқан ғылыми тұрғыдағы замандас ғалымдар мен шіркеу қызметкерлерінен көп қудалау көрді.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: