Томас Эдисон

Томас Алва Эдисон - 1847 жылы, 11 ақпанда Огайо штатындағы Милан қаласында дүниеге келген. Оның әкесі ,Самюэль Эдисон, Канадада бидай және темір саудасымен айналысқан. Алайда Канаданың тәуелсіздігі үшін соғыс кезінде АҚШ-қа қоныс адаруға мәжбүр болған. Осыдан кейін ол мектеп мұғалімі, Томас Эдисонның анасы, Нэнси Эллиотпен тұрмыс құрды. Томас Эдисон 7 жасқа толғанда оның отбасы Мичиган қаласындағы Порт-Гуран қаласына көшіп келеді. Ол жерде біраз уақыт өткеннен кейін қызамақпен ауырып, сол аурудың кесірінен есту қабілетін нашарлатып алады.

Томас Эдисонның тұлға болып қалыптасуына және білім алуына анасы үлкен рөл атқарды. Жас кезінен Томас өте зерек болып өсті және жаңа құрылғыларға қатты қызығатын. Алайда, мектепте Томас Эдисон өзінің құрдастарымен салыстырғанда үлгерімі өте төмен болды және оны “мисыз ақымақ” деп санаған. Сол себепті ол мектепке 2 айға жуық уақыт барды. Ары қарай білім алуына анасының ықпал зор болды. Жас баланың бойындағы ерекше қабілетті байқаған анасы оған тек жалпы мектептік бағадарламаны ғана оқытпай, жаңа заттарды үйренуге және өзі үшін білім алуға құштарлығын оята білді. Томас Эдисон он жасқа толғанда оған Чемберстің “Энцеклопедиясы”, Добиньидың “Реформация тарихы”, Гибонның “Рим империясының құлауы” сынды күрделі кітаптарды оқуға рұқсат берілді. Ал жаратылыстану ғылымына байланысты кітаптарды аса қызуғышылықпен оқыды. 2 жылдан кейін Детройт кітапханасына кіруге мүмкіндік алғаннан кейін ол өзіне сөрелеріндегі барлық кітапты оқып шығуға мақсат қойды. Эдисонның білім алуындағы ерекшелік оның жүйелі болмауы. Осы жағдай оның болашақта атақты өнертапқыш болуына себепші болды
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз:

Шығармашылығы мен еңбектері: