Иоганн Лафатер

Иоганн Каспар Лафатер (нем. Johann Caspar Lavater; 15 қараша 1741, Цюрих — 2 қаңтар 1801, Цюрих) — швейцарлық жазушы және ақын, теолог, шығармаларын неміс тілінде жазған. Қылмыстық антропологияның негізін қалаған.

Цюрих кантонында теология ғылымын үйренеді, Германияда саяхаттайды.

Қайтып келгеннен соң «Schweizerlieder» атты өлеңдер жинағын шығарады(1764), содан соң «Aussichten in die Ewigkeit» теология ғылымына негізделген кітап шығарады. 1768 жылдан бастап өлім уақытына дейін туылған қаласында «Приходский диакон», кейін «Пастор» атағын иеленіп, өз міндетін атқарды. 1769 жылы Лафатер иудейлік теолог және философ Мозес Мендельсонге (1729 – 1786) жазған ашық хатында христиан дінін қабылдауды үгіттейді. Алайда, Мендельсон өзінің жауабында христиан дінін қабылдамайтынын жазады. Екеуінің арасындағы кішігірім даудан кейін Лафатер Менделсоннан кешірім сұрауға міндетті болады. Жалпыға белгілі Мориц Даниэл Оппенгеймнің «Визит Лессинга и Лафатера к Мозесу Мендельсону» картинасында Мозес Мендельсон, драматург және әдеби сыншы Готхольд Эфраим Лессинг (1729—1781) пен Иоганн Каспар Лафатердің арасындағы кездесуді көрсетеді. Шындығында, Лафатер мен Мендельсон арасында тек бір кездесу болған және ол кездесу уақытында олармен бірге Лессинг болған жоқ. 1769 жылдан бастап 1772 – 77 жылдары Лейпциг және Винтертур қалаларында шыққан «Физиономика» еңбегіне керекті материалдар жинай бастады («Physiognomische Fragmente zur Beförderung der Menschenkenntniss und Menschenliebe»). Бұл еңбегінде сол уақыттағы үздік суретшілердің суреттері де болды. 1775 – 78 жылдары Гаага қаласында француз тілінде еңбегі жарық көрді. Ол теология ғылымын тастап кетпесе де, физиогномика оның өмірлік мақсатына айналды. Оның атағы зор болғандықтан, Еуропада өткен саяхаты сәтті аяқталды. Лафатер дін тақырыбында бірнеше кітап жазды («Jesus Messias», «Joseph von Arimathia», «Psalmen Davids», «200 christliche Lieder») және екі рет өзінің шығармаларын басылымға жіберді, 1774—81 жылдары («Vermischte Schriften») және 1784—85 жылдары («Sämmtliche kleinere prosaische Schriften»).
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: