👈 қаріп өлшемі 👉

Мұсабек Байзақов

Мұсабек Байзақов (1849-1932) - қазіргі Шымкент облысының Түркістан ауданындағы Шоқтас деген жерде, 1849 жылы туған. Әкесі Байзақ сөзге шешен, елге беделді, ауқатты адам болған. Бірақ талапты жас әкім болып ел билеуді немесе кәсіп іздеп мал жинауды қызық етпей, өнерпаздық жолын қалайды. Сөйтіп, замандастары Мәделіқожа, Майлықожа, Құлыншақ сияқты ақындардың үлгісін өзіне өнеге тұтып, ақындық жолын қуған. Жас Мұса Әуелі әкесі ұстаған молдадан хат таниды, кейін өсе келе Қарнақ қыстағындағы молда Қозы деген кісі ашқан дін мектебіне түсіп оқиды. Бірақ ол схоластикалық дін оқуын қанағат тұтпай кетіп қалады да, өз бетінше білім алуға кіріседі. Шағатай, араб, парсы, түркі тілдес туысқан елдердің әдебиетімен танысады, олардан үлгі алады. Мұса өлеңдерінің ішінен махаббат, табиғат лирикаларын, әлеуметтік мәні зор толғауларды, көптеген мысалдармен айтыс жырларын да кездестіруге болады. Молда Мұса Совет тұсында да едәуір өмір сүріп, халықтар достығы, Отан қорғау, социалистік өзгерістер жөнінде біраз шығармалар жазған. Ақын 1932 жылы 83 жасында қайтыс болған.

Өлеңдері: "Сырым қызға", "Сүйгенімді сағындым", "Табиғат тамашалары", "Тышқан мен түйе", "Қайырымды қыз бен қайыршы", "Түзу терек". Аудармалары: "Адам мен аюдың достығы" (И.А.Крыловтан)

Дереккөздер: Бес ғасыр жырлайды (Алматы "Жазушы" 1989)
Автор ұнаса, бөлісіңіз:

Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз.
Жақсы