Иван Тургенев

Иван Сергеевич Тургенев (28 қазан (9 қараша) 1818, Орёл, — 22 тамыз (3 қыркүйек) 1883, Буживаль, Франция) ) - орыс жазушысы.

Ресей империясының Орел губерниясында, байлар отбасында дүниеге келген.
1837 жылы Санкт-Петербургтегі университетін бітірген.
Шет елде, әсіресе Алмания менен Францияда көп тұрған.Еуропады, әсіресе Парижде батыс әдебиетшілерімен байланыстары болған.Парижде жүргенде, Тургеневтың хатшысы Ысмайыл Ғаспыралы еді.
Алманиядағы Баден-Баден арасан суы бар елді мекенінде демалыс алған. Алманияда жүргеннің әсерінен "Ася" повестін жазған.
Тургеневтың әдеби орыс тілінде жазылған проза шығармалары - орыс классикалық әдебиетінің үлгі болып саналады. Осы шығармаларына алдыменен "Әкелер мен балалар", "Аңшының жазбалары", "Дворян ұясы" романдары, "Ася", "Му-Му" повестері жатады.
"Отцы и дети" ("Әкелер мен балалар") романында бір жағынан Ресейдің түрлі әлеуметтік таптан шыққан зиялы қауымының өкілдерінің өркендеуі, екінші жағынан "нигилизмнің" өсуін көрсетті. .
Тургенев орыс халқына жақын украин мәдениетін жоғары бағалаған, Т.Шевченкомен танысып дос еді, Шевченко Қазақстандағы айдауынан қайтқанда онымен жиі кездескен еді, Шевченко туралы естелігін («Воспоминание о Шевченко») жазған. Марко Вовчоктың досы еді.
Тургеневтің «Рудин», «Қарсаңда», «Әкелер мен балалар», «Түтін» атты романдары орыстың реалистік әдебиетінің таңдаулы туындылары саналады.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: